Ақпараттық қауіпсіздік

Ақпараттық технологиялардың кең мүмкіндіктері мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, қорғаныс және басқа нысандар мен жүйелерді бақылау және басқару процесін автоматтандыруға, осы процестер туралы ақпаратты кез-келген қажетті жылдамдықта және кез-келген мөлшерде алуға, жинақтауға, өңдеуге және беруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ақпараттандыру адамзат өркениетінің дамуында шешуші оң рөл атқарады.

Алайда, ақпараттық қоғам оң дамуды ғана емес, сонымен бірге белгілі бір мәселелерді де көтереді.

Қазіргі заманғы қылмысты сипаттайтын сапалық көрсеткіштер оның техникалық прогресс пен жаңа ақпараттық технологиялар жетістіктерін белсенді түрде игеріп, қолданатындығын көрсетеді. Ақпараттандыру және байланыс құралдарының қарқынды дамуы, олардың  адам қызметінің барлық салаларына кеңінен енуі қылмыстың жаңа түрінің – ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстардың немесе көбінесе компьютерлік қылмыстардың пайда болуына әкелді.

Ақпарат және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік түрлері:

  1. Әкімшілік
  2. Қылмыстық
  3. Азаматтық-құқықтық
  4. Тәртіптік.

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер:

  1. 2003 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне енген “Ақпараттандыру туралы” ҚР Заңы.
  2. ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ кодексі
  3. ҚР Қылмыстық кодексі 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V ҚРЗ.

Бұл туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік туралы сынып сағатын заң пәндерінің оқытушысы, П-239 тобының топ жетекшісі А. М. Қашкенова өткізді.

Сабақ барысында студенттер интернет желісінің мүмкіндіктері мен қауіптілігі туралы пікір алмасты. Интернет мүмкіндіктерінің ішінде электронды пошта, ақпарат іздеу, білім беру, ойын-сауық, интернет-сатып алу және т.б. аталды. Қауіптердің ішінде вирустар, алаяқтық, интернетке тәуелділік, қауіпті ақпарат бар сайттарға кіру, троллинг анықталды.

Айгүл Мирашовна әлеуметтік желілерде және жалпы интернетте өзін-өзі ұстау ережелері бойынша ұсыныстар берді. Заң пәндерінің оқытушысы ретінде студенттерге ақпараттандыру және желі саласындағы құқық бұзушылық пен жауапкершілік түрлерін түсіндірді.