🇰🇿 Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік іс-шаралар!
Студенттер арасында 25 қазан — Республика күніне орай танымдық әрі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында білім алушылар еліміздің тарихы, тәуелсіздіктің маңызы, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін толықтырып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына деген сенімді нығайтуға бағытталған. ❤️
✨ Республика күні — елдігіміздің, бірлігіміздің және тәуелсіздігіміздің символы!