Үздік 100

“Қазақстан колледждерінің үздік 100 студенті” – “Қазақстан колледжінің үздік 100 студенті”республикалық байқауы басталды.

Ауқымды жоба жоғары білім деңгейімен, кәсіби шеберлігімен және қоғамдық белсенділігімен ерекшеленетін студенттердің жетістіктерін анықтауға және танымал етуге бағытталған.
Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен келген колледж студенттері қатыса алады.

Үміткерлер қатарында WorldSkills чемпионаттары мен кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары мен қатысушылары, Студенттік өзін-өзі басқару және еріктілер қозғалыстарының көшбасшылары, инновациялық идеялар мен стартап-жобалардың авторлары, ғылыми конференциялардың, олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ шығармашылық ұжымдардың белсенді қатысушылары бар.
Айта кету керек: соңғы үш жыл ішінде осы конкурстың жеңімпазы атанған студенттер қайта қатыса алмайды.
Байқау үш кезеңде өткізіледі: Бірінші кезең колледжішілік іріктеу. Әр мекеме беске дейін үміткер ұсына алады.
Екінші кезең аймақтық деңгейде өтуде.
Әрбір облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан кешенді бағалаудан өтетін үздік 10 үміткер іріктеледі.
Үшінші кезең республикалық финал.
Қорытынды іріктеу “TOP-100 STUDENTS” интернет-ресурсында өткізіледі , онда еліміздегі колледждердің үздік 100 студенті айқындалады.