Ғылыми-педагогикалық зерттеу: семинардың практикалық кезеңі

2025 жылғы 17 желтоқсанда колледжде к.б.н. Тусупбекова Г.Т. (ИнЕУ) жүргізген «Ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және жарияланымға материалдар дайындау» тақырыбындағы семинар-практикумның екінші бөлімі өтті.
Практикум барысында оқытушылар өздерінің ғылыми зерттеулерімен жұмысты жалғастырып, ғылыми мақаланың құрылымын, оны рәсімдеу талаптарын және жарияланымға материалдар дайындауда жиі кездесетін қателіктерді талқылады. Қатысушылар практикалық ұсынымдар мен жеке кеңестер алды.
Іс-шара колледж педагогтарының ғылыми белсенділігін арттыруға және зерттеушілік мәдениетін дамытуға ықпал етті.