«Заманауи білім беру технологиялары» семинар-практикумы

15 желтоқсанда Сабирханова А.О. мен Едилова Д.Ж. өткізген «Заманауи білім беру технологиялары (Quizizz, Joyteka және т.б.)» тақырыбында семинар-практикум өтті. Іс-шара оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға бағытталды.

Практикалық бөлімде қатысушылар онлайн-платформалардың мүмкіндіктерімен танысып, интерактивті тапсырмалар әзірледі және оларды оқу процесінде қолдану жолдарын талқылады. Семинар-практикум цифрлық технологияларды пайдаланудың білім алушылардың ынтасын арттыруға және оқыту сапасын жақсартуға тиімді екенін көрсетті.