Семинар-практикум «Ақпараттық технологиялар: Genially/Guripod платформасы»

Оқытушыларға арналған семинар-практикум қазіргі ақпараттық технологияларды білім беру процесінде қолдануға, атап айтқанда Genially және Guripod платформаларын тиімді пайдалануға арналған.
Семинарды АТ пәнінің оқытушылары Камел Б. және Тулебаева А.Б. өткізді. Қатысушылар платформалардың мүмкіндіктерімен танысып, интерактивті материалдар мен тапсырмаларды жасау дағдыларын меңгерді және оларды сабақта тиімді қолдану жолдарын талқылады.
Іс-шара оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға және интерактивті оқыту әдістерін енгізуге септігін тигізді.