«Сабақтың кезеңдерін жоспарлау және құрастыру» семинар-практикумы

Жас педагог мектебінің оқытушыларына арналған семинар-практикум өткізілді. Іс-шараның мақсаты — сабақ жоспарын тиімді құру және оның кезеңдерін дұрыс ұйымдастыру дағдыларын дамыту.
Семинарды РиЛ оқытушылары Мусина Т.Ш., Каиржанова С.А., Апенова Г.С. жүргізді. Қатысушылар заманауи сабақ құрылымымен танысып, кезең-кезеңімен жоспарлау бойынша практикалық тапсырмалар орындады.
Аталған семинар жас педагогтердің кәсіби дамуына және сабақ өткізу сапасын арттыруға ықпал етті.