Қаржылық сауаттылық бойынша семинар-практикум

Бүгін Арынгазинова А.Б. колледж мұғалімдеріне «Қаржылық сауаттылық» курсы бойынша семинар-практикум өткізді. Бұл іс-шара жақында «Өрлеу» БАҰО АҚ өткізген курстан кейінгі алған білімдерін қолдануға бағытталған болды. Қатысушылар күнделікті өмірде кездесетін негізгі қаржылық мәселелерді талқылады.
Семинар бағдарламасы:
💰 Инфляция — бағаның өсу себептері және жеке бюджетке әсері.
💳 Ақша және оның функциялары — құнын анықтайтын негізгі факторлар.
🏦 Ұлттық банк және екінші деңгейлі банктер — рөлі мен айырмашылықтары.
📈 Кредиттер мен депозиттер — дұрыс таңдау жасау жолдары және назар аудару қажет аспектілер.
🛡️ Қаржылық алаяқтық — жиі кездесетін схемалар және өзіңді қорғау жолдары.
Семинар нәтижелі өтті: қатысушылар өмірде және жұмыста қолдануға болатын практикалық білім мен құралдар алды.