Бірінші курс студенттері үшін кітапханада “Бірінші курс апталығы” өтті.
Кітапхананың қонақтары – гуманитарлық, политехникалық, энергетикалық, экономикалық және ақпараттық технологиялар бөлімдерінің студенттері болды. Экскурсия барысында студенттер кітапхананың құрылымы мен жұмыс тәртібімен, кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты.
Кітапханашының әңгімесінен студенттер кітапханадағы кітаптардың тек қағаз түрінде ғана емес, электронды форматта да қолжетімді екенін, сондай-ақ кітап қорының үнемі жаңартылып отыратынын білді.
Оқу залында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, кітап көрмелері өткізіліп тұрады. Студенттерге оқу мақсатында ақпарат іздеуге арналған автоматтандырылған жұмыс орындары көрсетілді.
Кездесу соңында студенттер кітап қоры бойынша серуендеп, оқу және көркем әдебиеттермен танысу мүмкіндігіне ие болды.

