ИнЕУ колледжі түлектері үшін Павлодар облыстық филиалында ашық сабақ өткізілді

Бүгін Павлодар облысы бойынша филиалы РМК “Ұлттық жол активтері сапасы орталығы” базасында ашық сабақ өтті. Сабақты ИнЕУ колледжінің ТОРАТ және ОДД мамандықтарының бітіруші түлектері мен ИнЕУ-дің ОПД мамандығының болашақ студенттері үшін ИиПТ кафедрасының аға оқытушысы Логвиненко Павел Александрович пен аталмыш филиалдың басшысының орынбасары, ИнЕУ түлегі Нурмагамбетов Куат Серикович өткізді.
Заман талабына сай жабдықталған зертханада Ертіс өзені арқылы салынған жаңа көпірдің бетон жабындысына сынақ жүргізілді. Сонымен қатар жол жабындарының өзге де учаскелерінен алынған үлгілер мен аймақта қолданылатын жол жабындарының жекелеген компоненттері қарастырылды.