ИнЕУ колледжінде қауіпсіздік апталығы аясында еңбек және техника қауіпсіздігі сабақтары өтті

Қауіпсіздік апталығы аясында колледждің Ақпараттық технологиялар бөлімінде 1 және 2 курс студенттеріне еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар мен сабақтар өткізілді. Білім алушылар өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, көлікте және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәселелері, сондай-ақ алғашқы көмек көрсету ережелері бойынша білім алды. Іс-шаралардың негізгі мақсаты болашақ IT-мамандардың компьютерлік техникамен және электр жабдықтарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, сондай-ақ олардың өндірістік және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білім деңгейін арттыру болды.