ИнЕУ Жоғары колледжінде 2025 жылдың 5 қыркүйегінде колледж студенттері арасында «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік шара өткізілді.
Сайыстың талабы бойынша қатысушылардан ақын-жазушылардың тіл туралы өлеңдерін мүдірмей, нақышына келтіріп, мәнеріне келтіріп, жатқа айту талап етілді. Тартысты сайыста әділқазылардың шешімі бойынша Жалбай Нұрай бас жүлдені, Жалбырова Қарақат І орын, Жалбыр Жаннұр ІІ орын, Риза Алтынай ІІІ орынды қанжығаларына байлады.
Бүгінгі өткізілген іс-шара студенттерің ана тілге деген құрметін одан әрі арттырып, өзге тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын оятты.
Мереке құтты болсын!
