Еңбек еленеді

Ұстаздардың тамыз конференциясы аясында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіпі маман», «Білім болашағы: саналы азамат, кәсіби маман» атты жалпы тақырыппен пәндік секциялардың отырыстары өткізілді. 27 тамызда дене шынықтыру оқытушылары мен АӘДП секцияларының отырыстары өтті. Секцияларда дене шынықтыру мен спортты дамыту, жас ұрпақты әскери – патриоттық тәрбиелеу саласындағы негізгі мәселелер қаралды, жаңа оқу жылына арналған білім беру саласындағы міндеттер талқыланды.  2024-2025 жылдың қорытындысы бойынша спорттық – бұқаралық іс-шаралардың міндеттерін іске асыру, Денсаулық сақтау технологияларын дамытуға қосқан үлесі бойынша үздік педагогтар дипломдармен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен, кубоктармен марапатталды, бұл педагогтардың қоғамдағы еңбегін мойындауға баса назар аударды. Марапатталғандар арасында ИнЕУ ЖК  дене шынықтыру оқытушылары Тортаев К.К., Валеулин И. Н., Данилков И. С., Хамитов Д. К., Паненков А. В., Жүнісов Б. Ж., Жетпіс А. Е. 1 лига колледждерінің студенттері арасындағы XXIII облыстық спартакиаданың қорытындысы бойынша ВКИнЕУ командасы чемпион атанып, кубокты жеңіп алды. Ұстаздар мен олардың шәкірттерін құттықтаймыз және жаңа спорттық жеңістерді күтеміз.