Павлодар облысы Полиция департаментінің
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен
«Кахарман» Таеквон-до мектебі бейнероликтер байқауының басталғанын жариялайды! 🔥
⸻
📣 Байқау тақырыбы:
«Спорт – есірткіге қарсы!»
Бейнеролик арқылы спортты, күш-қуатты, денсаулық пен дамуды неге таңдайтыныңды айтып бер!
Сенің үлгің – өзгелерге мотивация болсын!
⸻
📌 Қатысу шарттары:
Тақырыпқа сай 15 секундтан 90 секундқа дейінгі бейнеролик түсір
Оны өз Instagram парақшаңда жарияла
#СпортПротивНаркотиков2025 хештегін қос
Келесі парақшаларды белгілеп өт:
👉 @upn_dp_pvl
👉 @dp_pavlodar
👉 @bolat.nurseitov_dp
👉 @artem_tkd_pvl
👉 @nvt_kz
📆 Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 24 маусым (қоса алғанда)
🏆 Жеңімпаздарды жариялау: 25 маусым, сағат 15:00-де @ парақшасында
🎤 Салтанатты марапаттау рәсімі: 26 маусым Ertis Promenade сахнасында
⸻
СЫЙЛЫҚТАР:
🥋 GTF Таеквон-до секциясына тегін абонементтер
🎁 Павлодар облысы Полиция департаментінің ЕҚҚІҚБ тарапынан бағалы сыйлықтар
💰 «Кахарман» Таеквон-до мектебінен үздік бейнероликтерге ақшалай сыйақылар
⸻
📲 Өзің қатыс, достарыңды шақыр – салауатты болашаққа өз үлесіңді қос!
#СпортПротивНаркотиков2025