2025 жылдың 22 мамырында жас мамандар онкүндігі аясында Кил-114 тобында «Қазақ тілі» пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты Сақымзада Айсана Мұратбекқызы жоғары деңгейде ұйымдастырып, заманауи оқыту әдістерін тиімді пайдалана білді.
Сабақ барысында ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылып, бейнематериалдар көрсетілді, сондай-ақ интерактивті тапсырмалар орындалды. Әсіресе, грамматикалық тапсырмалар студенттердің қызығушылығын арттырып, олардың белсенді жұмыс істеуіне ықпал етті.
Ашық сабақ білім алушылардың белсенді қатысуымен өтті. Студенттер өзара пікір алмасып, сұрақтарға жауап беріп, шағын топтарда жұмыс жасау арқылы бір-бірін тыңдауға және бірлесіп әрекет етуге үйренді. Бұл олардың коммуникативтік қабілеттері мен ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізді.
Сабақ соңында Сақымзада Айсана Мұратбекқызы студенттердің жұмыстарын саралап, мазмұнды кері байланыс жүргізді. Қатысқан әріптестер мен оқытушылар сабақтың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, жас маманның кәсіби және әдістемелік шеберлігіне жоғары баға берді.