2025 жылғы 13 мамырда Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжінде Отбасы күніне арналған “Отбасы – бақыттың кілті” атты тағылымды іс-шара өтті. Бұл мереке ең маңызды адамгершілік құндылықтарды – махаббатты, өзара түсіністікті және қолдауды еске салып, отбасылық жылулықты дәріптеді.
Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде шақырылды:
1. Максилова Бақытжамал Шахановна – “Нұр-Ана әлемі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Павлодар облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы;
2. Хайруллина Лилия Юрьевна – “Аналардың жүрегі” сарбаз аналар комитеті республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі;
3. Рахимжанова Арай Бейсенбаевна–Әлкей Марғұлан атындағы университеттің Жоғары педагогика мектебі тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі вице-деканы, педагогика ғылымдарының магистрі, психология және педагогика пәнінің оқытушысы;
4. Абылгазина Ажар Кумаровна – Назарбаев Зияткерлік мектебінің ата-аналар комитетінің төрағасы;
5. Изтулин Жамбыл Қайыргельдыевич– ИнЕУ Жоғары колледжінің ата-аналар комитетінің төрағасы.
Іс-шараға П-332 тобының сынып жетекшісі А.Ж. Маусымбекова және осы топтың ата-аналары белсенді қатысты. Атап айтқанда, студенттер Жүсіпбек Айдана, Төлеген Тамерлан, Булуева Ригина, Абылгазина Карина және Қасенов Диас отбасыларымен бірге атсалысты.
Қатысушылар жайлы әрі шынайы атмосферада өз отбасылары туралы естеліктерімен бөлісіп, интерактивті ойындар, шеберлік сабақтары мен шығармашылық қойылымдарға қатысты. Ерекше көңіл балаларға бөлінді – өйткені, олардың бақыты мен болашағы мықты отбасылық негізде қаланады.
Бұл күн – жақындарыңызға “Мен сені жақсы көремін” деп айтуға, ата-анаңызға алғыс білдіруге және ортақ естеліктер жасауға таптырмас мүмкіндік болды. Өйткені отбасы – біздің ең сенімді тірегіміз, өмірлік шабыт пен қуаныштың сарқылмас көзі!