2025 жылғы 25 сәуірде Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжі базасында тіл мамандықтары бойынша білім алып жатқан колледж студенттері арасында X облыстық көптілділік олимпиада өтті.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды:1 тур — тілдік құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған тест тапсырмаларын орындау; 2 тур — ағылшын тілінде эссе жазу; 3 тур — тақырып бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Сарапшылар тобы қаланың жоғары оқу орындары мен мектептерінің оқытушылары қатарынан болды.
Олимпиадаға барлығы 12 студент қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша, жүлделі орындар келесі қатысушыларға бұйырды:1 дәрежелі диплом — Б. Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің студенті Аскарова Фатима Ержановнаға табысталды; 2 дәрежелі диплом — Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжінің студенті Мамытхан Анеля Нурланқызына берілді; 3 дәрежелі дипломмен Екібастұз Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжінің студенті Мұратқызы Айымжан марапатталды.
Олимпиада жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!