🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОФЕСТИВАЛІ 🌿
Астана қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенділерді, волонтерлерді, стартап өкілдерін, мектеп оқушыларын және бизнес өкілдерін біріктірген ауқымды экологиялық фестиваль өтті. Іс-шара Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Бұл маңызды жиынға біздің колледж студенттері Кулатаева Милана мен Искаков Арман қатысты.
📌 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалдықтарды қайта өңдеу жобалары, экостартаптар, мектеп оқушыларының жұмыстары мен балалардың экологиялық тақырыптағы шығармашылық туындылары қойылған көрмемен жеке танысты.
🪴 Мемлекет басшысы өз сөзінде:
«Тазалық – әрбір үйден, көше мен қаладан басталады. Бұл – баршаға ортақ іс. «Таза Қазақстан» акциясы – өмір салтымызға айналуы тиіс», – деп атап өтті.