ИнЕУ жоғары колледжінде 26 наурыз күні колледжішілік көптілділік олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға колледж студенттері белсенді қатысты. Олимпиада екі бағытта өтті: біріншісі — тілдік мамандықтар, яғни Аударма ісі, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарының студенттері арасында, ал екіншісі — тілдік емес мамандықтар бойынша колледждің барлық 1-курс студенттері арасында өтті. Бұл бағытта үш тілді жетік білетін, белсенді студенттер қатысты.
31 наурыз күні олимпиаданың екінші кезеңі өткізілді. Бұл кезеңде тілдерді жетік меңгерген студенттер арасынан үшінші бөлімге іріктеу жүргізілді.
04 сәуір күні олимпиаданың үшінші кезеңі өтті. Бұл кезеңде ағылшын тілінде сұхбат жүргізілді. Сұхбат нәтижесінде келесі студенттер жақсы нәтиже көрсетіп, мақтау қағаздарымен марапатталды:
• Тілдік мамандықтар бойынша:
Пак Лиза, Айдарбек Назерке Джасланова Адель;
• Тілдік емес мамандықтар бойынша:
Мавлютова Элля Кенесбек Сабина, Ажикен Азамат
Облыстық көптілділік олимпиадасына колледж атынан қатысатын үш тілді жетік меңгерген үздік үш студент анықталды. Олар:
• Тілдік емес мамандықтар бағыты бойынша — Мавлютова Элля;
• Тілдік мамандықтар бойынша — Пак Лиза, Мамытхан Анеля
Студенттерімізге алдағы сайыста сәттілік тілей отырып, жүлделі орындар иеленулеріне шын жүректен тілектеспіз!