ИнЕУ жоғары колледжінің базасында «Веб-әзірлеу» құзыреттілігі бойынша Junior Skills өңірлік чемпионаты өтті. Жарысқа Павлодар қаласының мектеп оқушылары қатысып, сайттар құру мен бағдарламалауға деген қызығушылықтарын көрсетті.
Конкурстық тапсырма аясында қатысушылар HTML, CSS және JavaScript тілдеріндегі білімдерін, сондай-ақ жобаның дизайны мен құрылымына қатысты креативті идеяларын ортаға салды. Олар өз веб-сайттарын әзірлеу арқылы кәсіби дағдыларын паш етті.
Құрметті III орынды «№6 ЖОББМ» КММ оқушысы — Панаэтов Роман иеленді.