Арнайы аспаздар: WorldSkills және Додо пиццасы бар шабыттандыратын күн

3 сәуір күні WorldSkills Pavlodar-2025 аймақтық кәсіби шеберлік байқауының Abilympics бағыты аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған іс-шара өтті. Іс-шараны ИнЕУ Жоғары колледжі ұйымдастырды. Қатысушылар – КММ «№15 мектеп» пен «Үміт үзбеу» қорының тәрбиеленушілері.

Бұл шара аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларға аспаз рөлін сынап көруге және аспаздық өнер саласындағы таланттарын ашуға бірегей мүмкіндік берді. Тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен балалар пицца дайындап, өздерінің ынтасы мен шығармашылығын көрсетіп, барынша күш салып жұмыс істеді.

Байқау «Додо Пицца» (@dodopizza.pavlodar) мейрамханалар желісінің базасында өтті. Бұл серіктес инклюзивті және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдауға белсенді қатысады.

Мұндай іс-шаралар практикалық дағдыларды дамытуға, өзіне деген сенімді нығайтуға, әлеуметке бейімделуге және қарым-қатынас аясын кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, қатысушыларға болашақ мамандығын таңдауға  көмектеседі.