Жас аспаздар 🧑🍳 «Baby Skills» мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған кәсіби шеберлік чемпионатында өз өнерлерін көрсетті! 👩🍳
Бұл қызықты байқау 2 сәуір күні ИнЕУ жоғары колледжінде өтті. Оған жергілікті 120, 50, 102, 16 және 44 балабақшаларының тәрбиеленушілері қатысты.
🏆 Байқауда “Аспаздық іс” құзыреттілігі бойынша 10 мектепке дейінгі бала өз шеберліктерін сынады. Олар тағам дайындау технологиясына сәйкес канапе, пицца және йогурт қосылған жеміс салатын әзірлеу керек болды.
Қатысушыларға ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері ассистент ретінде көмектесті. Олар балаларға бағыт-бағдар беріп, шай рәсімін ұйымдастырып, көңілді ойындар өткізді.
Барлық қатысушыларға дипломдар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.
ИнЕУ жоғары колледжі балабақшалар әкімшілігіне іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді!