2025 жылдың 1 сәуірінде Инновациялық Еуразиялық Университетінің Жоғары Колледжінің профориентаторлары Досанова А.Ш, Тортаева А.К., Тельгузинова Д.У., Катаев К.С., Каиржанова С.А., Ақсу ауданының Қаныш Камзин, Алғабас және Қызылжар ауылдарында профориентациялық жұмыс жүргізіп, 9-11 сынып оқушыларымен кездесулер өткізді. Бұл іс-сапардың негізгі мақсаты — ауыл мектептеріндегі жасөспірімдерге болашақ мамандық таңдау бойынша ақпарат беру, олардың жоғары білімге деген қызығушылықтарын арттыру және кәсіби бағдар беру қызметін ұйымдастыру болды.
ВКИнЕУ профориентаторлары Ақсу ауданының ауылдарында 9–11 сынып оқушыларымен кездесті
