Әнұранмен басталған күн – елге деген сүйіспеншіліктің белгісі

Колледжімізде тәрбие жұмыстары «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағдарлама жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған.
Аталған бағдарлама аясында күн сайын оқу күні мен Д-114 Әнұран орындалып, студенттер мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиеленуде. Әнұранды орындау барысында барлық студенттер тік тұрып, шынайы патриоттық сезіммен қатысады. Бұл дәстүр олардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін, азаматтық жауапкершілігін арттыруда маңызды рөл атқарады