ИнЕУ жоғары колледжінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітіруші түлектері “Қазақ тілін және әдебиетті оқыту әдістемесі” пәнінен алған білімдерін тәжірибеде қолдану, педагогикалық шеберіліктерін нығайту, білім алушылармен қарым-қатынас орната білу, кәсіби шығармашылығын арттыру мақсатында Кил-411 тобы колледждің 1 курс студенттеріне сабақ жүргізді.
Теория мен практика қатар жүргенде ғана нәтиже көруге болады. Колледждің қабырғасында қабылданған бұл шешім, студенттердің өз мамандығына құрметпен, жауапкершілікпен қарау сүйіспеншілігі арттырды. 1 курс студенттері үшін де бұл күндері өткізілген сабақтар ерекше қызық өтті. Олар жоғары курс студенттеріне қарап бой түзейтіні анық. Колледждің бітіруші түлектері төменгі курс студенттеріне үлгі болатынына сенеміз, оларға тек сәттілік тілейміз!
