Аттестаттациядан өтетін мұғалімдер кесте бойынша ашық сабақтар өткізіп, өз білімдерімен бөлісуде.
Бүгін кесте бойынша арнайы пәндер оқытушысы Арынгазинова А.Б. “Жылу электр станциялары мен құбырлар” пәні бойынша ТЭУ-312 тобында ашық сабақ өткізді.
Оқытушы ЖЭС-тің экологиялық және экономикалық тиімділігін салыстырмалы түрде талдап, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған әдістерді қолданды. Сабақ барысында интерактивті әдістер, атап айтқанда, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, проблемалық жағдайларды шешу және АКТ белсенді пайдаланылды. Арынгазинова А.Б. студенттердің белсенділігін арттырып, олардың өз ойларын еркін білдіруіне жағдай жасады. Сабақ соңында оқытушы студенттердің білім деңгейін бағалап, кері байланыс берді.
Біліміңіз бен тәжірибеңіз мақсаттарыңызға жетуге көмектесетініне сенімдіміз! Сізге сәттілік тілейміз!