Жастарды жұмыспен қамту: ИнЕУ жоғары колледжінде маңызды кездесу өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ИнЕУ жоғары колледжінде Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталығы қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Ісшараға қатысқандар: Еңбек мобильділігі орталығының бөлім басшысы Шаймерденов Ануар Шашубаевич, Мансап орталығы басшсының міндетін атқарушы Касенова Баршагуль Нурболатовна, Мансап орталығы бөлімінің басшысы Файзуллин Булат Түкенович және Павлодар облысы Успен ауданы Мансап орталығы бөлімінің бастығы Фергалюк Евгений Леонидович, ИнЕУ жоғары колледжінің директоры Ташекенова Армангуль Умаровна, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Әблеш Қазбек Жанабекович және колледж бөлім меңгерушілері. Кездесуде Павлодар облысы бойынша жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, жастарға әр түрлі сала бойынша жұмыс ұсыну мәселесі қарастырылды. Жоғарыда аталған шара бойынша 2025 жылдың 6 ақпанында ИнЕУ жоғары колледжінің 4 курс, бітіруші түлектеріне Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталығы қызметкерлері Жастар практикасы, Әлеуметтік жұмыс орны, Алғашқы жұмыс орны, Ұрпақтар келісімшарты жобаларын таныстырды. Бұл кездесуде студенттерге жоғарыда аталған бағдарлама қалай жүзеге асырылатыны, қандай сайттар арқылы өтініш беру қажеттігі, келісімшартқа отыру, жұмыс уақытының мерзімі, мемлекеттен уақытша жұмыс орнын таңдау, жұмыс берушімен сұхбаттасу сияқты маңызды сұрақтар қарастырылды. Студенттер өз тарапынан көкейде жүрген сұрақтарын қойып, Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталығының қызметкерлері кез келген уақытта түлектерге дұрыс бағыт беріп, оларды жұмыспен қамту үшін барлық шара қолданатынын жеткізді. Еңбек еткен – мұратқа жеткен. Жастарды еңбекке баулу және жұмыспен қамтамасыз ету жобаларын жалғастыру үшін, Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталығы ИнЕУ жоғары колледжінің ұжымымен тығыз байланыс орнатып, наурыз айына колледждің әр бөлім студенттерімен жеке кездесу жоспарланды.