Жаңа мектеп Білімі: ИнЕУ оқытушылары 2026 жылғы стандарт жобасын талқылады

3 желтоқсанда педагог кадрларды даярлауды жүзеге асыратын ИнЕУ жоғары колледжінің оқытушылары 2026 жылы енгізілетін мектептегі білім берудің жаңа стандартының жобасын талқылау бойынша кездесуге қатысты.
Алдағы бірнеше жылда мектептерде білім қандай болады? Осы саладағы өзгерістер туралы Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының өкілдері вебинарда айтып берді. Атап айтқанда, МЖМБС жобасына енгізілген өзгерістер мынадай аспектілерді қамтиды: білім беру құндылықтары мен негізгі құзыреттерді нақтылау, білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі мақсаттар мен міндеттерді үйлестіру, бастауыш және орта мектепте оқу жүктемесін азайту және тағы басқалар.
Колледжде мектепте білім берудің жаңа стандартының жобасы талқыланады.