Тәжірибе мен теория ұштастығы: болашақ педагогтар білімдерін шыңдауда

Колледждің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3курс студенттері теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыру үшін 1курс студенттеріне сабақ өткізіп білімдерін шыңдау үстінде. Олар бұл тәжірибеде оқу үдерісі қалай жүзеге асырылады, сонымен қатар сабақ жүргізу кезінде түрлі жағдаяттарды дұрыс шешу жолдарын үйренеді. Мұндай эксперимент жоғары және төмен курстың студенттеріне де ұнайтынын байқатты. Болашақ педагог мамандарға сәттілік тілейміз.