18 қазанда Павлодар облысының білім беру басқармасы ұйымдастырған нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспардың 44 тармағын орындау мақсатында өткізілген тренингке ИнЕУ ЖК атынан КиЛ – 312 топ студенттері қатысты.
Тренингте студенттер нашақорлықпен күрес туралы жаңа ақпараттар алып, өз ойларын ортаға салып, уақыттарын тиімді өткізді.
