2024 жылғы 16 қазанда Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі базасында Павлодар облысының білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында Республикалық «Мен-кәсіпкермін» онлайн Гранд турнирінің аймақтық кезеңі өткізілді. Бұл конкурсқа Павлодар қаласының ИнЕУ жоғары колледжінің екі студенті ФС-223 Рамазан Марғұлан және ОП-312 тобының студенті Нияз Айгерім қатысып, Сертификат иегерлері атанып және Республикалық турнирге өткендері жайлы 2024 жылғы 18 қазанда белгілі болатынын хабарлайды. Жетекшілері: Досанова Айнур Шаймуратовна. Студенттерге және жетекшілеріне келесі республикалық турға өтуге сәттілік тілеп қояйық!