Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, оқушылардың табиғатты қорғау және аумақты тазалау арқылы экологиялық санасын қалыптастыру мақсатында ИнЕУ жоғары колледжі, студенттермен сенбілік өткізді.
Қазіргі қоғамда табиғатты қорғау және қоршаған ортаға деген жауапкершілік маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Экологиялық мәселелер, әсіресе қоршаған ортаның ластануы, бүкіл әлем бойынша өзекті тақырыпқа айналды. Мұндай жағдайда экологиялық сананы қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстарының мәні арта түседі. Оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыруда білім беру ұйымдарымен ұйымдастырылатын аумақты тазалау шараларының маңызы зор.
Аумақты тазалау жұмыстары – оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға тікелей араласуын қамтамасыз ететін іс-шара. Мұндай шаралар бірнеше тәрбиелік мақсаттарды қамтиды:
1. Жауапкершілік сезімін қалыптастыру: Қоршаған ортаны таза ұстау оқушылардың өзіне және айналасына жауапкершілікпен қарауына үйретеді. Олар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіне бастайды.
2. Табиғатқа деген құрмет пен махаббат: Оқушылар табиғаттың өз қолдарымен қорғау қажеттілігін түсіне отырып, табиғатқа деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады.
3. Тәртіп пен ұйымшылдық: Аумақты тазалау жұмыстары барысында оқушылар бірлесе жұмыс істеп, ұйымшылдық пен тәртіптілік қасиеттерін дамытады.
4. Экологиялық мәдениет: Табиғаттың тазалығына өз үлесін қосу арқылы оқушылар экологиялық мәдениетті бойына сіңіреді. Олар қоршаған ортаның сақталуына өз еңбегімен әсер ететінін түсінеді