Вкинеудегі ашық қылмыстық отырыс: студенттер сот процесін модельдейді

2024 жылдың 31 қазанында Инновациялық Еуразия универсетінің Жоғарғы колледжінінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында заң пәндері оқытушысы Маусымбекова А.Ж П-322 тобымен ашық оқу сот отырысын өткізді. Іс-шараның құрметі қонағы –Павлодар облысы кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған аудан аралық сотының судьясы Жанғазина Ғалия Шаметқызы болды.
Іс-шараның мақсаты – сот процесінің үлгісін жасап, студенттердің соттағы қылмыстық істі қарастырудың теориялық білімін бекіту. Студенттер алдына қылмыстық-құқықтық нормаларды дәл меңгеруге, соттағы қылмыстық істерді қарау тәртібін түсінуге, соттағы барлық қатысушылардың рөлін көрсетуге бағытталған міндет қойылады
Судья Жанғазина Г.Ш. қатысушылардың назарын бұл іс-шараның өткізілу формасы студенттерден тек қылмыстық процестік ғана емес, сонымен қатар қылмыстық заңды жақсы білуді талап ететін аударды, өйткені ойын барысында олардың инкриминацияланған әрекеттің міндетті белгілерінің бар-жоғын зерттеу қабілетті байқалады. Сот отырысына қатысушының рөлін ойнау барысында студенттер тек дәрісттерді ғана емес, сонымен қатар дереккөздермен арнайы әдебиеттерді өз бетінше зерттеу арқылы алған теориялық білімдерін бекітеді. Қылмыстық және процестік заңнаманың бұзылуын анықтау және оларға қарсы дәлел келтіретін кезінде студенттер талдауды, қорытынды жасауды үйренеді. Мұның бәрі оларға теорияны тәжірибеде қолдану дағдыларын меңгерудің мүмкіндік береді, өйткені іскерлік ойын барысында олардың болашақтағы судья, прокурор және қорғаушы ретіндегі қызметінің үзінділері модельденген.
Бұл іс-шара «1-сатыдағы сотта қылмыстық істерді қарау» тақырыбы бойынша білімді бекітуге мүмкіндік береді. Мұның барлығы студентердің осы пәнді тереңдете оқуға ынтасын арттырады және олардың болашақ мамандығына деген сүйспеншілігін қалыптастырады.