Республика күні қарсаңында дарынды және талантты балаларды қолдау мақсатында “Тәуелсіздік ұланы” сыйлығымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов жас көшбасшыларға марапаттар табыс етіп, олардың жетістіктері өңірдің беделін көтеріп, шабыттандыратынын атап өтті. Марапатталғандардың қатарында “ИнЕУ жоғары колледжі” ЖШС “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығының студенті Топчиева Александра, ол “Спорттық шеберлік”номинациясы бойынша жүлдеге ие болды.
Александра-🏅 пилондағы спорттың жарқын өкілі, ұлттық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. Оның жетістіктерінің арасында:
🥇 Қазақстан Республикасы кубогында 1 орын, 2021
🥈 Пилон спорты бойынша Әлем чемпионатында 2 орын, Польша, 2023
🥇 Қазақстан Республикасының Кубогында 1 орын, 2024, элита арасында
Топчиева Александра ең беделді жарыстарында Қазақстанның атынан қатыса отырып, жыл өткен сайын шеберлік пен табандылық танытуда. Біз Александраны лайықты марапатымен құттықтаймыз және оған спорт аренасында жаңа биіктер тілейміз! 🎉🙌