2024 жылдың 5 қыркүйегінде Павлодар қаласы “Ертіс” музейінде “Тіл-достықтың тірегі” атты Халықаралық тілдер күніне орай өткізілген іс-шараға ИнЕУ Жоғарғы колледжінің КиЛ-213, 312, 411 топтары қатысты. Мақсаты:Тілдерге деген қызығушылықты қалыптастыру, Қазақстан Халықтарының мәдени мұрасын құрметтеу. Тілдерді оқыту саласындағы ой-өрісті кеңейту, басқа халықтардың тілдеріне деген құрмет сезімін және бірегей ана тілінің сақталуына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
