2024 жылдың 5 наурызында білім беру басқармасының жанынан құрылған мобильді топ Павлодар облысының ТжКБ педагогтеріне «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында педагогтің үздіксіз кәсіби даму факторы, білім алушылардың жетістіктері арқылы объективті бағалау жүйесі, өздігінен білім алу және мансаптық өсуді ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік әділеттілік пен академиялық адалдық мәселелері талқыланды.
Педагогтерге аттестаттаудың негізгі философиясы, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері, ТжКБ педагогін бағалау критерийлері түсіндірілді, сондай-ақ «Ұстаз» электрондық платформа жобасы таныстырылды.