Кітапханалық квилт «Адамдар оқуды тоқтатқан кезде ойлауды тоқтатады»

“Оқуға құштар колледж” жобасы аясында кітапханада “Адамдар оқуды тоқтатқан кезде ойлауды тоқтатады”тақырыбында кітапханалық квилт ұйымдастырылды. Кітап білім мен даналықтың қайнар көзі екенін бәрі біледі. Кітап оқу ойлау мен танымдық қызығушылықты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді, шығармашылық қиялын ынталандырады, сөздік қорын арттырады, өзін және басқаларды түсінуге көмектеседі.

Бір ай бойы балалар жеке дамуында оқудың маңыздылығы туралы өз мәтіндерін стикерлерге жазды. Олардың әрқайсысы өз көзқарасын білдірді. Білім алушылар стикерлерді кітапханадағы стендке бекітті. РПО-212, СЭЗ-123, ПД-113 топтарынан студенттер белсене қатысты.