2023 оқу жылының 27-і қазанында Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай облыс мектептерінің 10,11-сынып оқушылары мен колледждердің 1,2-курс студенттері арасында облыстық «Мұзафар оқулары» білім-шығармашылық конкурсы өтті.
![](https://vkineu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/whatsapp-image-2023-10-30-at-13.29.19-930x620.jpeg)
![](https://vkineu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/whatsapp-image-2023-10-30-at-13.29.20-900x620.jpeg)
![](https://vkineu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/whatsapp-image-2023-10-30-at-13.29.20-1-930x620.jpeg)
Әділқазылық жасаған ғалым, жазушы, журналистер конкурсқа қатысушыларды М.Әлімбаевтың шығармалары бойынша білімдері мен өздерінің шығармашылық деңгейлеріне қарай бағалады. Конкурс «Халық – ғажап тәлімгер», «Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына», «Талант -табиғаттан, талап – өзіңнен» деген үш бағыт бойынша ақын өлеңдері мен нақыл сөздерін жатқа оқып, бейнебаян түсірді, өз шығармашылықтарын ортаға салды.
Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің Гуманитарлық бөлімнің “Қазақ тілі мен әдебиеті”мамандығының 2 курс студенттері Ахметова Анель-1 орын,Жетекшісі Досанова А.Ш.
Орал Альмира – 3 орын, Жетекшісі:Нуртазина Ф.Ж.