2015 жылғы 7 ақпан. Павлодар инновациялық көпсалалы колледжінде «Өңірді дамытудағы экономика мен құқықтың әлеуметтік рөлі» атты VIII облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға ИнЕУ колледжінің студенттері белсене қатысты. Конференция жұмысына қатысу үшін ҚИнЕУ-ден 6 ғылыми жоба ұсынылды, әр колледжден қатысушылар саны шектеулі болды. Биылғы жылы Павлодар облысының барлық колледждерінің студенттері өтініш берді, қатысушылар арасында бәсекелестік өте жоғары болды.
Конференция қорытындысы:
– «Азаматтық-құқықтық» секциясында 3 орынды топтың студенті П-322 Дүйсембекова Камила (ғылыми жетекшісі Кашкенова Айгүл Мирашқызы);
– «Гуманитарлық-педагогикалық» секциясында 3 орынды топтың студенті СМС-124 Садықова Айдана (ғылыми жетекші Малғаждаров Қуат Әлібекұлы) иеленді.
Конференцияның барлық қатысушылары мен ғылыми жетекшілері сертификаттармен марапатталды.
Ғылыми жетекшілер Қашкенова Айгүл Мирашқызы, Малғаждаров Қуат Әлібекұлы ғылыми-тәжірибелік конференция жеңімпаздарын дайындағаны үшін құрмет грамоталарымен марапатталды.
ҚИнЕУ студенттерінің конференциясына белсенді қатысқаны үшін колледж директоры Тәженов Шалқарбай Әміржанұлы алғыс хатпен марапатталды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және студенттерге 2015 жылғы 13 наурызда Павлодар политехникалық колледжінде өткен ғылыми-практикалық конференцияда сәтті сөз сөйлеуін тілейміз!