Мен Қазақстан Республикасының азаматымын

Құқықтық клубтың жұмысы аясында 2023 жылдың 28 сәуірінде Инновациялық Еуразиялық Университетінің жоғары колледжінде «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» тақырыбында викторина өткізілді.

Викторина 4 тапсырмадан тұрды. Клуб қатысушылары викторинада белсенділік танытты.
Оқытушы викторинаны келесі сөзбен аяқтады, біздің бүгінгі викторинамыздан кейін сіздердің жүректеріңізде еліміз үшін жауапкершілік пен мақтаныш оты тұтанатынына сенемін. Осы сезімдерді білу Қазақстанның әрбір лайықты (нағыз) азаматына тән!