Қазақстан халқының бірлігі күніне орай колледж кітапханасында кітап көрмесі безендірілді.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – жыл сайын 1 мамырда атап өтілетін Қазақстандағы мемлекеттік мереке. Мереке 1996 жылдан бастап атап өтіле бастады. Бұл әр түрлі ұлт өкілдері тұратын Республикада бейбіт өмір сүру үшін өте қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Бұл күні барлық қалалар мен ауылдарда халықтық мерекелер өтеді.