Кітап – адамның ішкі жан дүниесін байыта алатын баға жетпес және таптырмас нәрсе. Ол өмір жолының барлық кезеңдерінде маңызды, көмекші, кеңесші және жабыққанда көңіл көтеретін дос болып табылады.





«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында колледж кітапханасында «Ғ.Мүсіреповтің кітаптарын бірге оқимыз» тақырыбында библио-кросс өтті. Кітапхананың оқу залында «Ғабит Мүсірепов (1902-1985)» атты кітап көрмесі безендірілді. Оқырмандар жазушының шығармашылығымен және оның туындыларымен танысты. ПД-122 және КиЛ-112 топтарының студенттері кітапханашымен бірге оқу залында ана туралы әңгімелер оқып, оқығандары туралы өз әсерлерімен бөлісті
