Апталыққа барлық бөлімдердің оқытушылары да жұмылдырылды. Жақсы, көңілді көңіл-күймен олар музыкалық квиз-викторинаға қатысты.Бөлімдердің құрама командалары әннің атауын ағылшын тілінде, орындаушысын немесе авторды анықтады. Мұғалімдер бір-бірімен сайысып, ағылшын тілінде ерекше ықыласпен ән салды. Жеңімпаздар Ақпараттық технологиялар бөлімінің командасы болды.
Конкурстық іс-шаралардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Апта аясында 1-2 курс студенттерінің топтарында 6 ашық сабақ өткізілді.