19 сәуірде ИнЕУ жоғары колледжінде көптілді олимпиаданың іріктеу туры өтті.
Оның міндеттері:
– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің ұстанымдарын нығайту, оларды танымал ету және оқуға қызығушылығын арттыру;
– көптілді тұлғаны қалыптастыру;
– білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін және олардың филологиялық мәдениетін анықтау;
– болашақ мамандардың мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын кеңейту үшін қолайлы орта құру.
Студенттер арасындағы зияткерлік жарыс екі бағыт бойынша өтті: “Аударма ісі”, “Бастауыш білім беру” (болашақ қазақ және ағылшын тілдерінің мұғалімдері) және тілдік емес мамандықтар өкілдері арасында. Олимпиадаға барлығы 32 адам қатысты, оның ішінде бірінші бағыт бойынша – 12 студент, ал екінші бағыт бойынша жеңіс үшін әртүрлі мамандықтардың 1 және 2 курс студенттері бақ сынады.
Балалар тапсырмаларды екі сағат ішінде үш тілде орындады: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Олимпиада қазылар алқасы жұмыстарды тексеріп, тексеру нәтижелері бойынша жеңімпаздарды анықтады.
Тіл мамандықтары өкілдерінің арасында ПД-320 тобының студенті Уахит Зейнеп үздік тіл білгірі атанды. Екінші орынды бірдей ұпай жинаған үш студент иеленді: Могильная Юлия (ПД-211 тобы), Ахметова Анель (КиЛ-112 тобы) және Дулатова Адинай (ПД-310 тобы). Үшінші орында Садвокасова Даяна (ПД-211 тобы).
Тілдік емес мамандықтар өкілдерінің арасында Мария Хахлова (П-132 тобы) үздік нәтиже көрсетті, ол 1-дәрежелі диплом иегері. Екінші орында Абылгазина Карина (П-132 тобы). Үшінші орынды сол топтың студенті Изтулин Бақтияр иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, көптілді олимпиаданың барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз және тілдерді үйренуде одан әрі табыстар тілейміз.
Уахит Зейнеп пен Хахлова Мария ағымдағы жылдың 12 мамырында өтетін олимпиаданың облыстық турына қатысады. Оларға сәттілік тілейміз және жеңіске жетеміз деп үміттенеміз!