“Стандарттау, метрология және сертификаттау”; “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану”; “Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану” мамандықтарының пәндік апталығы

03-07 сәуір аралығында Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінде техникалық пәндердің пәндік апталығы өтті.

Апта аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді:

Апта “Мен құрылысшымын” байқауынан басталды. Байқаудың мақсаты-студенттердің практикалық білімдерін жетілдіру, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Байқауға СЭЗ-212 тобының 2 курс студенттері қатысты.

Жұмыстарды бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін сараптамалық комиссия құрылды: С. А. Божкова-колледж әдіскері; Қ.Ж. Әблеш – политехникалық бөлімнің меңгерушісі; К. С. Катаев – өндірістік оқыту бойынша аға шебері. Байқау екі құзыреттіліктен тұрды: “кірпіш қалау” және “сылақ жұмыстары”.

Әрқайсысында екі команда бақ сынады. Студенттер тапсырманы жақсы орындады. Байқау жеңімпаздарын сараптамалық  комиссия анықтады: Кекин Игорь тас қалау бойынша 1-орынды иеленді. Сылақ жұмыстары бойынша “МастерОк” командасы жеңіске жетті (Шпикина Екатерина және Чипенко Анастасия).

Іс – шараға жауапты-өндірістік оқыту шебері Г.К. Солтанбаева және арнайы пәндер оқытушысы Д. Б. Мухтарова.

“Метрология-дәлдік туралы ғылым!” осы атаумен “Стандарттау, метрология және сертификаттау ” мамандығының бірінші курс студенттері үшін 4 сәуірде ИнЕУ ЖК  байқау өтті. Іс-шараның мақсаты-бірінші курс студенттерінің арнайы пәндерге деген қызығушылығын арттыру, метрология саласындағы білімдерін бекіту.

Байқау “Своя игра” ойыны түрінде өтті, онда әр команда сұрақтың тақырыбы мен құнын таңдады.

Біріншілік үшін үш команда күресті. Қазылар алқасының  құрамына кірген колледж әдіскері- С. А. Божкова,  политехникалық бөлімшенің меңгерушісі Қ.Ж. Әблеш , техникалық пәндер ЦӘК төрағасы -А. Ю. Суюнбаева жеңімпаздарды анықтады:

1-орынды “Миллиметрика” командасы иеленді (150 балл),

2-орын “СИ калибрлеушілер” командасына, ал 3-орын “Эталон” командасына берілді.

Іс-шараға жауапты-арнайы пәндер оқытушысы М. Б. Мусабаева

5 сәуірде ТОРАТ – 112 тобында “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығының оқытушысы К. Т. Иманбеков ашық сабақ өткізді.

Мұғалім материалды жақсы меңгергендігін, сабақ барысында студенттердің белсенді өзіндік жұмысын, АКТ-ны қолдануды көрсетті.

6 сәуірде техникалық пәндер апталығы аясында “Стандарттау метрология және сертификаттау” 📐📏 мамандығының оқытушысы А. Ю. Суюнбаева СМС-211 тобында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың ерекшелігі тапсырмалардың түрлі интерактивті түрлерін пайдалану болды.

7 сәуірде СМС-221 тобында арнайы пәндер оқытушысы М. Б. Мусабаева ашық сабақ өткізді. Сабақ өте ауқымды, заманауи болып, жоғары қарқынмен өтті. Рефлексия білім алушылардың жақсы нәтижелерін көрсетті.

     Студенттер мен оқытушылардың пікірінше, пәндік апта қызықты әрі пайдалы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар мен студенттерге алғыс айтамыз!