14 наурызда “Қазақ тілі мен әдебиеті” апталығының аясында Каирбаева Н.Ш. СЭЗ-122 тобымен қазақ әдебиеті пәнінен “Оралхан Бөкейдің”Атау кере” повесі” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер шығарма мазмұны негізінде сюжеттік талдау жасап, шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтады.Берілген үзінділер бойынша кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаларды және кейіпкерлердің ой-сезімін талдап, шынайы өмірмен байланыстыра өз ойларын постер және кластер түрінде қорғады. Білім алушылар сабақтың әр кезеңіне белсене қатысып, сабақ барысы бойынша өз ойларымен кері байланыс жасады.