Ағымдағы жылдың 16-шы ақпанында «Ақпараттық технологиялар» бөлімінің студенттері арасында, «Біздің қала мен аймақтағы экологиялық мәселелер» атты презентациялар жарысының қорытындысы шағарылды. Студенттер дайындаған презентацияларын көпшілік алдында қорғап, кері байланыс алуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, П-122 тобының студенті Элгуат Малика мен П-112 тобының студенті Шакаров Даниалдың презентациялары үздік деп танылды. Өз презентацияларында аталған студенттер Павлодар өңіріндегі қоршаған ортаның сапасы, өндірістік нысандардың ауа, су және топырақ сапасына әсері, экологиялық мәселелердің халық денсаулығына тигізетін зардаптары жайлы ақпарат келтірді.
Бұдан басқа, география оқытушысы А.Ж. Ахметова тек қана Павлодар өңірінің ғана емес, жалпы Қазақстан территорисындағы экологиялық мәселелерге, Қазақстанның халықаралық экологиялық рейтингтеріндегі орнына байланысты ақпарат беріп, Қазақстанның экологиялық болашағы тақырыбын талқылауға ұсынды. Мысалы, әлемнің ең таза елдері рейтінгісінде Қазақстан 180 елдің ішінде 101 орынды иеленсе, Экологиялық саясаттың тиімділік рейтингісінде 69 орынға жайғасты. Сондай-ақ, студенттер «Экологические угрозы в Казахстане» бейне фильмін тамашалап, өз ойларымен бөлісті.