2023 жылғы 15 ақпанда Павлодар қаласында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылуының 34 жылдығына арналған естелік іс-шара өтті. Ұйымдастырушы «Павлодар облысы мен Павлодар қаласының Ауған соғысының, жергілікті соғыстардың ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қоры болды. Іс-шараға қатысушылар ауғандықтар аллеясына барып, 15 мыңнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиған соғыстың қанды алқаптарынан оралмаған сарбаздар мен офицерлерді еске алу үшін гүл шоқтарын қойды.
Күн Естай атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен салтанатты кешпен жалғасты. Оған көпжылдық дәстүр бойынша қала әртістері мен мектеп оқушылары қатысты. Олар Ауғанстандағы соғыстан туған әндерді орындады.
ИнЕУ ЖК оқытушысы М. И. Джанахметовтың жетекшілігімен бұл іс-шараға ИнЕУЖК гуманитарлық және политехникалық бөлімінің 1 курс студенттері қатысты. Осы іс-шараларға қатысу қаза тапқандарға құрмет болып табылады, Отанға деген патриоттық сезімдер мен сүйіспеншілікті тәрбиелейді.