Қаңтар сұлулығы

25.01.2023ж. “Қаңтар сұлулығы” – С.Торайғыров ат.облыстық әмбебап кітапханасы жанындағы “Истоки” әдеби бірлестігінің кезекті отырысы осылай аталды. Бұл шараға ИнЕУ жоғары колледжі экономикалық бөлімшесінің студенттері де қатысты. Сөз әлемінің әуенімен тыңдармандар павлодарлық ақындар мен бардтардың қыс мерзімінің тамаша құбылыстары туралы өлеңдер тыңдап, табиғат лирикасының қыр-сырымен танысты. Сонымен қоса, 25 қаңтар – белгілі ақын, бард Владимир Высоцкийдің туған күні. Кездесудің екінші бөлімі ақынның шығармашылығына арналды. Әдеби бірлестік отырысы жылы, жүрекке қонымды, сезімтал көңіл күйде өтті.