«Оқуға құштар колледжі» жобасы аясында гуманитарлық бөлімнің КИЛ-112 тобының студенттері «Менің үйімдегі кітаптар» байқауына қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты: кітап оқу мәртебесін, оқырман белсенділігін, оқу сапасын арттыру, білім алушылардың мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту, сонымен қатар өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағыттарды қалыптастыру болып табылады. Кітапты тұтас оқу – адам миы үшін ерекше жаттығу. Түрлі шығармаларды оқу арқылы адамның елестету, қиялдау қабілеті артады, адамның физикалық және психикалық жағдайын жақсартады.
Бұл сайысқа Орал Альмира, Сабитханова Айзана, Ахметова Анель белсенді қатысты. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Молдабек А.С.